Тұрмыс - өндірістік, қоғамдықаласысаяси іс-әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени жағдай. адамдардың табиғи (ас, киім, баспана, денсаулық) және мөдени құндылықтарды игеруі, демалу, басқалармен араласу сияқты қажеттіліктерін жүзеге асыруы үшін қажетті сала. Тұрмыс күнделікті өмір. Тұрмыс қоғамдық өмірдің басқа салаларына да өсер етеді. Мысалы, еңбек процесі, адамдардың көңіл-күйі мен мінез-кұлықтары.
Адамның тіршілік қажеттілігінің ең бастылары
тамақ
киім-кешек
тұрғын үй
демалыс
көңіл көтеру
денсаулық сақтау болса, осылардың қамтамасыз етілуі үшін тұрмыстық қызмет саласы дамуы керек.
Тұрмыс әлеуметтік өмірдің барлық салаларына, әсіресе, адамдардың
еңбек етуіне
көңіл-күйіне
мінез-құлқына
рухани ізденісіне айтарлықтай ықпал етеді.
Әлеуметтік жағдай өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылыққа, адамдардың жан-жақты рухани дамуына әсер етеді. Қоғамның тарихи даму барысында және ғылыми-техниканың дамудың әсерімен тұрмыстың құрылымдық және жеке салаларының да айтарлықтай өзгерісін көреміз. Жаїандану дәуірінде тұрмыс ұлттар мен ұлыстардың әдет-ғұрпын, дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға кеңістік беретін бірден-бір сала болып табылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өзіндік ерекшеліктерді сақтау үшін, тұрмыстық қажеттіліктерді тікелей қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ұлттық мәдениет пен өнерден тамыр тартқаны абзал. Этно-педагогика “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген қағидаға сүйенер болса, болашақ ұрпақты елдік дәстүр, мемлекетшілдік, отаншылдық рухында тәрбиелеу үшін, тұрмыста ұлттық нақышқа ие тұрмыстық заттарды қолданудың маңызы зор.
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік», «азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді.
Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», А.Бөкеновтің «Салбуырын», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидің «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді.
/
Объяснение:
Тұрмыс - өндірістік, қоғамдықаласысаяси іс-әрекеттен тыс, адамдардың тіршілік қажеттілігін қамтамасыз ететін материалдық және мәдени жағдай. адамдардың табиғи (ас, киім, баспана, денсаулық) және мөдени құндылықтарды игеруі, демалу, басқалармен араласу сияқты қажеттіліктерін жүзеге асыруы үшін қажетті сала. Тұрмыс күнделікті өмір. Тұрмыс қоғамдық өмірдің басқа салаларына да өсер етеді. Мысалы, еңбек процесі, адамдардың көңіл-күйі мен мінез-кұлықтары.
Адамның тіршілік қажеттілігінің ең бастылары
Объяснение:
Нажми большое