М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Afakado
Afakado
17.12.2020 04:29 •  Қазақ тiлi

Өмірбаян құрып жазу Өмірбаянның негізгі бөліміне сай келетін ақпаратты тап.

Текст:
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ӨМІРБАЯНЫ
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласы, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл Фараби. Әл Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар «Барба-Фараб» деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң, әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдатта әл Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар). Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң, әл Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады

Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал
етті

Әл Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lebedd50
lebedd50
17.12.2020

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.

Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Отаным – Қазақстан туған елім,

Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.

Өсе бер өркендей бер, Елім менің,

Ардақтап мәңгі мен сені өтермін

4,7(58 оценок)
Ответ:
fainanem
fainanem
17.12.2020

ответ: менің ойымша, киіз үй өте қолайлы баспана. Себебі мен оны көшіп қонуға өте ыңғайлы деп түсіндіремін. Оны мен киіз үйді ата-бабаларымыз негізгі баспана ретінде қолданды, көшпелі халық оны барлық жағынан ыңғайлы баспана үлгісі деп санады және бұл туындыны қазіргі күнге дейін қолданып, құрметтеу деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Осыған байланысты мен киіз үй өте қолайлы, барлық жағынан ыңғайлы және көркімен де ерекшеленетін ғажайып әрі біз үшін аса қадірлі мұра деген шешімге келдім.

Объяснение:Меніңше жауап дұрыс. КӨШІРМЕСІН =) Менің атым Өміржан Эльвира. 6 сынып оқыйм. Алдағы уақытта тағы жауаптар жазамын. Өтініш лайк басып, өз бағағызды қойып кетінің.

4,4(56 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ