Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.
Көктем келді. Жерді тырмалап, тракторлар жер жыртып , бидай дәнін егіп жатыр.
Күз келіп бидай жақсы өнім береді. Егінді комбайн келіп орып, тазартады. Тазартылған бидайды диірменге апарып ұн жасайды. Ұндарды қапшыққа салып нан пісіретін наубайханаға әкеледі. Наубайханада дәмді нан пісіп шығады. Нанды дүкеннің сөресіне қояды. Біз оны сатып аламыз.