тапсырма. Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін
табыңыз.
Қарахан мен Айша бибі
(аңыздан үзінді)
Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне
сапарлап келген жас жігіт Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Айша Бибінің
көркіне ақылы сай сұлу болған. Қарахан елінің батыры - Айшаға ғашық болады.
Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады.
Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел
шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде
сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады.
Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса
о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін
болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына
әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез
тұрғыздырады.
Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де
мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін сонда түнейді. Айша бибі кесенесі ХІІ
ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде
тұрғызылды.
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.