Туған жердің ауасы да шипа...
Әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.
ответ:Халық – өмірдің бар кезеңін басынан бірге кешетін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін ұлыс. Елдің елдігі татулықтың тәтті дәмінде. Елінің іргесі берік қалануы, әр бастаған бастамасының нәтижелі болуы әрбір перзентінің амалымен өлшенбек. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны секілді, Отансыз да ешқашан өмір сүрмек емес. Отанымыздың озық болуына баршамыз қалтқысыз қызмет етуіміз қажет.
Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Кеше ғана өткен үлкен мереке «Білім күні» «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атпен жер-жерде өтіп жатты. Барлық ұстаз оқушыларына бұл ұғымның қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Иә, Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атаумен аталуын былайша айтып өткен болатын. «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!» Халық даналығында «Тар жерде табысқан кең жерде келіседі» деуші еді ғой. Халқымыздың қатпарлы тарихы сырға толы оқиғалармен жинақталған болатын. Қай кезеңді алып қарасаңыз да, еліміз іргедегі көршімізді сыйлап, қашанда көмек қолын созуға барынша тырысып, бауыр тұтатын. Ең тар заманды бірге бастан өткердік. Бүгінде сол халық өкілдері өз бауырымыз болып, бір халыққа айналды.
«Қонақжайлылық», «сыйластық» ұғымдары ертеден қанымызға сіңген қасиет емес пе? Кешеден келе жатқан татулық жібін жеңіл ойға ерік беріп үзіп алмауымыз қажет. Қазақ жері жүзден астам этносты біріктірді. Тек қана этнос емес, олардың тілдері мен қызыққа толы салт-дәстүрлері үндесе білді. Өзіне тән реңктер мен әсем сұлулыққа ие болды. Қаншалық ұлт өкілдері көптеп орын тепкенімен, барлығының бір жерде татулықта күн кешуі кемеңгер саясатпен халық салтының беріктігінен жүзеге асып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жиырмасыншы сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының астарында үлкен мән бар. Елбасымыз бір ел болып күн кешіп отырған түрлі ұлт өкілдері жайлы былайша ой қозғады. «Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр». Елбасымыздың осы бір салмақты ойының астарында үлкен мән жатыр. Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.
Объяснение: