9.4 млн пользователей, получивших
Хат.
Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.
Маған жазған хатыңда қазақ халқының бесікке салу,шілдехана,ат қою,тұсаукесер деген салт-дәстүрлері туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.Осыдан кейін бесік аласталынып,бала бесікке бөленеді және дәстүрге қатынасқан әйелдер қауымына кәде беріледі.Үлкендер бата беріп,бесік жыры айтылады екен.
Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап,“күзету” ю деген сенімге саяды.Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды.Бұл ғұрыптың түпкі мәні - бала мен ананы тіл-көзден сақтау,жын-шайтандардан қорғау.Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.Әсіресе,жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”.Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Міне,осы салтты "балаға ат қою" деп атаған.Кейбірі заманына сай,ел арасында кең таралған,заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының,ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қоятыны белгілі.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар а ң тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.
Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.
Объяснение:
ответ:Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік.
Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын жасау керек еді. Оның Отанына жау бас салады. Дұшпан қатігез болды және оның әкесін тұтқынға алады. Дұшпан талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Егер ол билікті берсе, жау оның халқын құлдарға айналдыратынын, ол білді,. Ол өз халқын сақтап қалуды шешті.
Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халық болуды үйретеді, және ештеңе, ешкімді жасқанып қажеті жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиелейді. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспан мен зор денсаулық тілейміз. Олар соғысты, еңбектенді! Біздің ұрпақ осы адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анасы. Ол өмірді сыйлады.
Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, Туған Жер үшін өмір сүру.
А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді.