Алдында жанар мұраты», демекші мұрат - бізді алға жетелейтін терең мақсат пен асыл арман. «Бес саусақ бірдей емес» деп ата – әжелеріміз айтатындай, әр адамның мұраты да әр түрлі болады. Біреулер материалдық құндылықтарды бағалап, соған жету үшін бар күш – жігерін жұмсаса, енді басқалары үшін рухани байлық маңызды. Сонымен қатар, менің ойымша, адамның түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты мұраттары да өзгеріп, ауысып отырады. Мысалға, кішкене сәби үшін ең асыл арман – ол көп ойыншық пен ата – анасымен армансыз қыдыру мен ойнау болса, мектеп жасындағы жеткіншек сабағымды жақсы оқып, жақсы баға алып, ата – анамды қуантсам деп мақсат қояды. Ал мектеп бітіруші түлектің асыл мұраты – болашақ мамандығын дұрыс таңдап, ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, ата – анасының үкілі үмітін ақтау. Студенттерді алар болсақ, олар емтихандары мен сынақтарын ойдағыдай тапсырып, кәсіби іс – тәжірибеден сәтті өтіп, кейін осы таңдаған мамандық бойынша жақсы жұмысқа орналасуды басты мұрат санайды. Қолында дипломдары, қалаған жұмыстары бар жастар келесі кезекте отбасын құру туралы ойлап, өмірдің басты мәні осы отбасы мен балада екенін түсініп, отбасын құрады. Мен «асыл мұрат» деген ұғымды осылай түсінемін, сіз менімен келісесіз бе?
Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған. Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды. 1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылындасыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет. http://e-history.kz/kz/contents/view/304 https://www.zharar.com/kz/takpak/5315-astana.html
Адамның асыл мұраты.
«Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,

Объяснение: