230. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз: A) –қой;
B) –мен, -бен, -пен;
C) –қор;
D) –кеш;
E)–лас, -лес, -дас, -дес;
231. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз:
A) –лар, -лер;-дар,-дер;
B) –нікі, -дікі, -тікі;
C) –паз;
D) –мен,-бен,-пен;
E) –қой;
232. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды табыңыз:
A) –ды,-ді,-ты,-ті;
B) –шылық,-шілік;
C)–хана, -қор,-бен;
D) –лас;-лес,-дас,-дес;
E) –лық,-лік,-дық,-дік;
233. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз:
A) –дес,-дас, -тес, -лес;
B) –лық, -лік;
C) –лау, -леу;-дау,-деу;
D)–мен, -бен, -пен;
E) –нің,-ның, -дің, -тің;
234. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді табыңыз:
A) Орталық дәріхана Абай даңғылында орналасқан.
B) Біз ертең шекарадан өтеміз;
C) Көркем әдебиетті оқы;
D) Мұғалімнен мына тақырыпты сұра;
Е) Бас есепшіні қызметтен босатты;
235. Қай әріптер кірме сөздердің жазылуында қолданылады?
A) ә, ө, ұ, ү, і;
B) ң., қ, э, һ, ә, ө;
C) в, ч, щ, а, ә;
D) ф, в, ч, ь, ъ, е, э;
E) ң, қ, э, һ;
236. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табыңыз:
A) дәмхана, баламен, заңгер;
B) сәнқой, дәріхана, мектеп;
C) көйлек, кітап, ініммен;
D) күн, демалыс, қызмет;
E) талапкер, қалааралық, тас;
237. Үйлесім, үндесу заңы, негіз бен аффикстің заңы:
A) Метатеза;
B) Аккомодация;
C) Үндестік заңы;
D) Редукция;
E) Қосымша мен түбір заңы;
238. 2 ашық және 2 бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз:
A) әттеген-ай;
B) әшекейлеу;
C) әжелерде;
D) әдебиет;
E) әсемпаз;
239. «У» дыбысы дауыссыз болып тұрған сөзді табыңыз.
A) студент,қуан;
B) сұлу,университет;
C) сулы,туыс;
D) жиналу,әлеуметтік;
E) ауа, денсаулық;
240. «Бала ата-анасы... кешірім сұрады» жалғау жалғаңыз:
A) –нен;
B) –ден;
C) –дан;
D) –тан;
E) –нан;
241.Бұйрық рай ІІ жақ көпше түрі (анайы форма) сөйлемді табыңыз.
A) Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойыңдар.
B) Талғат сөйлемді тақтаға жаз.
C) Қазір біз тексті тыңдайық.
D) Орындалған жаттығуды көрсет.
E) Сіздер оқу залына барыңыздар.
242. Барыс септігінде тұрған есімдікті табыңыз:
A) менде;
B) менікі;
C) менің;
D) маған;
Е) бұдан;
243.«Абай Құнанбаев 1845 жылы туыпты». Қай шақта,жақта сөйлем тұрғанын аңықтаңыз.
А) Бұрынғы өткен шақ, ІІІжақ.
B) Жедел өткен шақ, ІІІжақ.
C) Ауыспалы өткен шақ, ІІжақ.
D) Мақсатты келер шақ, Іжақ.
E) Ауыспалы осы шақ, ІІжақ.
244. “После праздника” сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:
A) мерекеден қалды;
B) мерекеден басқа;
C) мерекеден бөлек;
D) мерекеден кейін;
E) мерекеге дейін;
245. “Біз… ата – баба…” сөз тіркесіне жалғау жалғаңыз.
A) –дың, –ларымыз;
B)–дің, -ларымыз;
C) –дің, –леріміз;
D) –дің, –ларіміз;
E) –дың, –ларымыз;
246. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақ арқылы жасалады?
A) –лық,-лік,-дық,-дік;
B) –лау,-леу,-дас,-дес;
C)–рақ,-рек,-ырақ,-ірек;
D) –лас,-лес,-дас,-дес;
E) –ның,-нің,-дың,-дің;
247. Сын есімнің жай шырайын табыңыз.
A) сұлу, семіздеу, аласа;
B) сұлу,биік, ащы;
C) сұлу, кішірек,жақсылау;
D) сұлу,дәмдірек,жақсы;
E) сұлу,ащылау,жеңілірек;
248. Сөйлем қай райда тұрғанын аңықтаңыз «Ертең қар жауса, күн аязды болады»
A) Келер шақ.
B) Ашық рай.
C) Бұйрық рай.
D) Қалау рай.
E) Шартты рай.
249. Қай сөзге көптік жалғауы жалғанған?
A) қарар;
B) талданар;
C) жеткізер;
D) апарар;
E) шағалалар;
250. Болымсыздық есімдіктерді табыңыз.
A) Ешкім,ештеме,ешқайда.
B) Мен,саған, оның.
C) Өз,өзім,менімен.
D) Біреу,кейбір,бірдеме.
E) Бәрі,барлық,бүкіл
«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.
Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.
Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.