М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
КрутойМиха
КрутойМиха
15.09.2020 16:38 •  Қазақ тiлi

1-мəтін Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік жəне басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жəрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сəулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты əйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Əл Фараби атанған ұлы ғалым Əбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мəдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – əлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
1-тапсырма. Мəтіннің тақырыбын анықтаңыз. Озаглавьте текст. ( )
2-тапсырма. Мəтін бойынша 2 сұрақ құрастырып жаз. Составьте 2 вопроса по тексту.
( )
3-тапсырма. Сөйлемдердің қазақша нұсқасын мəтіннен тауып, жазыңыз. Найдите из текста эти 2 предложения на казахском языке.
 Отырар один из славных городов на Великом Шелковом пути. ( )
 Потому что в этом месте можно было продать и купить любую вещь. ( ) 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. ответь на вопрос.
 Ұлы Жібек жолының қай мемлекетте өткен жолы Сауран қаласы болды?( )  Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы қай қала болды? ( )
Бегабат Ұзақов«Жантаза» (əңгімеден үзінді) 2-мəтін
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы əлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп,

желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың əскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен əлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл- құлға, бұрымды қыз-күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен əуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде əскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі əскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
4-тапсырма
Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін тауып жазыңыз. Найдите из текста характеризует своих героев.( )

👇
Ответ:
09876нг8678
09876нг8678
15.09.2020

1 мәтін

1 тапсырма

Алғашқы сауда-саттық

Ұлы Жібек жолындағы қалалар.

2 тапсырма

1)«Екінші Мекке» деп қай қаланы атаған?

2)Қай қаланы «Саудагерлер қаласы» деп атаған?

3 тапсырма

1)Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.

2)Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.

4 тапсырма

1)Қазақстан мемлекеті

2)Тараз қаласы

2 мәтін

Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді.

4,6(93 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
davidmarabyan
davidmarabyan
15.09.2020
-Сіздің ең алғашқы мұғаліміңіз есіңіздеме ?
-Əрине,оны қалай ұмытасың ?
-Сізге алғашқы мұғаліміңіз несімен ұнады ?
-Ол адам менің сауатымды ашты.Маған жазу мен сызуды үйретті.
-Сол ғанама ?
-Оның жадыраған көздері мен күлкісі əлі есімде.Мен оны қатты сағындым
-Ол қатал болдыма ?
-Ол өте жұмсақ еді.Бірақ,керек кезде қатал бола алатын.Тек оған өзіміз кінəлімізғой.Оны шаршататынбыз
-Айтпай қалған ренжіс қалып кеткен жоқпа ?
-Оған қалай ренжуге болады ?Қанша дегенмен ол менің мұғалімімғой
-Ол адам сізге кімдей болды ?
-Екінші анамдай
-жақсы сізге рахмет
4,4(85 оценок)
Ответ:
memasov
memasov
15.09.2020
Деңсаулық адамзат үшін өте маңызды.Оны ақшаға сатып алмайсын!Егер сен ауру болсан, өз арманыңды, мақсатынды атқара алмайсын.Денсаулықтың құны жоқ!Кейбір адамдар темек шегіп, арақ ішіп, өз-өзін ақырындап өлтіредіДені сау адам болу үшін, денені шынықтыру керек.Көп спортпен айналасу керек.Менің досым Гульмира спортпен айналасады, сондықтан аз ауырады.Меніңше біздің өмірімізде жаман әдеттерге орын жоқ болу керек.Меніңше әлемде сау адамдар өмір сүру керек, сонда ғана біздің әлеміміз әдемі болып жайнайды.
4,8(48 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ