музыка...Бұл сөзді әркім әрқалай түсінеді.ал мен үшін бұл сөз көп мағына береді.Музыканың көмегімен сен басқа музыка әлеміне кете аласын.бұл әлемде сен сөзсіз ақ өз ойынды жеткізе аласын.Басқа ұлттың өкілдері де музыка арқылы өз ойын жеткізе алады деп ойлаймын.Музыка адамға әсер етеді.ол адамның көніл күйін котеруі де мүмкін түсіруі де мүмкін,тіпті кішкене балада жай көніл күйді түсіретін әуеннің ықпалынан жылап жіберуі мүмкін.Әр адам әртүрлі музыканы тындағанды жақсы көреді.кейбір адамдар халық музыкасын ал кейбір адамдар шетел музыкасын тындағанды жақсы кореді.бір сөзбен айтқанда,менің ойымша музыкасыз адам өмір сүре алмайды.
Қазақстан жануарлары
Қазақстан табиғаты алуан түрлі болғандықтан, мында мекендейтін жануарлар түрі де қаншама.
Интернет желісіндегі ақпаратқа жүгінсек, Қазақстанда сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлері кездеседі екен.
Дала жануарларынан тышқан, сарышұнақ, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой, киік, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемді келеді және олардың түстері де дала бояуына қарай өзгере дамыған болады.
Орманды дала жануарлары қатарынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Оларды мекендейтін жануарлар: тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі.