1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, «Төрт сөйлем» әдісімен көтерілген мәселеге өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. «Елорда», «Ару Астана» – мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сар даланың төрінде әсем қала бой түзеді. Иә, астанасын жаңғыртқан мемлекеттер баршылық. Алайда бас- аяғы бес жылда жаңа астанаға қоныс аудару тарихта бол - маған жаңалық екен. Біздің ел жаңа ғасырға, жаңа мың жылдыққа осындай ерлікпен енді.
Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда бірі сеніп, бірі сенбеген. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Астанада зәулім ғимараттар салынды, Сарыарқаға сән кірді.
Астана – болашақтың қаласы. Ол – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы.
Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері Астананың сәнін арт - тыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Астана – арман мен қиял әлемі. Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, көпұлтты және көп - дінді халқы бар әсем де мейірлі Астанамыз», – деген еді. Елін бақытты болашаққа бастаған өз ұлтын шын сүйетін перзент – Президенттен артық кім тауып айтар?!.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді білдіріңіз.
Дәлел.Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
Мысал.Пікіріңізді өмірмен байланыстырып,мысал келтіріңіз.
Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
Пікір
Дәлел
Мысал
Қорытынды
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!