ответ:Сырты тас,
Іші ас.
(Жаңғақ)
Судан шығады,
Суда қорқады.
(Тұз)
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас.
(Нан)
Жеке өзін жей алмайсың,
Онсыз асты да аузыңа алмайсың.
(Тұз)
Жылт–жылт етеді,
Жылғыда өтеді.
(Су)
Дәмді–дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастарқан)
Қар дейін десем,
Қап қатты.
Тас дейін десем,
Тәп тәтті.
(Қант)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
(Жұмыртқа)
Ұрмай–соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады.
(Пияз)
Аппақ су – дәмі тәтті,
Ішсең сусын қандырады.
Шөлдегенде қатты.
(Қымыз)
Объяснение:жұмбақ..
«Ана тілі» өлеңінде туған топырағының бар маңызын бойына сіңірген Расул Ғамзатов өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Елмен жерге, ана тіліне деген іңкәрлік жырланады. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі», қандай ұлт болсын, оның ең басты байлығы – ана тілі. Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін тілінің болуы аталып өтіледі. Адам бойына нәр беретін, күш беретін –ана тілі. «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» дей отырып, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, рухы биік, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуге шақырады.
Объяснение: