М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SkottHelimboorg
SkottHelimboorg
29.11.2020 03:55 •  Қазақ тiлi

Мәтінге 2 сұрақ құрастыру перифраздап тезис жазу КЕРЕК Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Орталық Азия жоғарыда аталған Һeartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ геосаясаттың нысанасына айналып отыр.
Еуразиялық интеграцияның қалыптасып, дамуында Қазақстанның рөлі ерекше зор. Егер Еуразиялық экономикалық одақтан Қазақстанды алып тастасаңыз, одақ өзінің еуразиялық сипатынан айырылып қалады. Қазақстан одақтың ерекше компоненті ретінде жаңа идея ұсынудан еш тартынбауы керек.
Біздіңше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы жүйесінің орнығуы, одаққа мүше елдердің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейімделудің мүмкіндіктері, т.б. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Көршілес мемлекеттермен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика. Қалай десек те, интеграцияның мәңгі емес, уақытша қадам екендігі турасында да ой түюдің артықшылығы жоқ. Интеграцияда әділетсіздіктер мен келіспеушіліктер орын алған жағдайда Қазақстан одақтан шығуға құқылы. Интеграция алдағы ұлттық дамуымыздың сапасы мен бағытын белгілеуде маңызды рөл ойнайды, өз менімізді, өзімізді, өз ұлттық жолымызды табуымызға көмектеседі.
Одақтың философиялық астарына келсек, «Мәңгілік Ел» сияқты тарихи ұлттық идеологияны орнықтыруға бекем бел буған Қазақстан мәңгі одақтың болмайтынын, мәңгі ұлттық мүдденің ғана болатынын ұмытпауы керек. Еуразиялық теория - үстіртін көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар жүйесі емес, керісінше, саясатта жүзеге асып жатқан күрделі интеграциялық жоба. Еуразиялық одақтағы Қазақстанның алатын орны еліміздің интеллектуалдық-экономикалық серпін жасауына да тікелей байланысты болмақ.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
tolkynd17
tolkynd17
29.11.2020

ответ:Абай (Ибраһим) Құнанбаев  — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Көзімнің қарасы, Әсемпаз болма әр неге, Ғылым таппай мақтанба, Сегізаяқ, Құлақтан кіріп бойды алар, Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы, Интернатта оқып жүр

Объяснение:

4,7(46 оценок)
Ответ:
aaaddd1988
aaaddd1988
29.11.2020

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде.

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.

4,7(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ