[07.12, 12:58] +7 707 153 0086: Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сол сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған. Ал, көне гректер скиф деп атап кеткен. Ол туралы тарих атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5 томында айтып өтті. Сондай-ақ, Герадот және басқа да антик тарихшылары сақтарды «Азия скифтері», яғни азиялық скифтер деп атаған. Бірақ, сақтардың қалай аталғандығы туралы дерек көп. Сонымен, гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген. Тарихта олар Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта мекендеген делінеді. Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген. Біріншісі, шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екішісі, хаома сусысын дайындайтын хаомаварға сақтары. Ал үшіншісі, Орта Азияның оңтүстігі мен Арал теңізінің төңірегін және Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген, яғни теңіздің арғы жағындағылар деп аталып кеткен парадарая сақтары. Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді
: 2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тап, түрлерін анықта. Оларды қатыстырып 3 сөйлем құра. (С текста найди местоимении и определяй по видам)
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.