М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sem5000
Sem5000
24.05.2021 00:03 •  Қазақ тiлi

Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз - археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала қоныстары. Тарих беттерінен Басқамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб, Мерке секілді қалалар барлығымызға мәлім. Енді осы ежелгі қалалар ішінде ең көне және ең танымал бес қала жайлы айта кетейік. Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.

Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. "Қасиетті" деп атауымның бірден - бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.

Шамамен 1400 жылдай тарихы бар Құлан қаласы да көне қалалар тізімінде өз орны бар. Саяхатшылар қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі.

Қазақстанның орта ғасырлардан бері әйгілі қалаларының бірі - Отырар қаласының шамамен 1300 жылдан астам тарихы бар. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі. IX ғасырда қала мәртебесіне көтерілді. Отырар қаласы құрылған кезінен бастап аса ірі кітапхана мен мәдени ошақтарға бай болды.

Бұл тізімде бесінші орында иемденген 1000 жылдан астам тарихы бар қала - оңтүстік астанамыз Алматы қаласы. Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді.

Сіздің бұл көне қалалар жайлы естуіңіз бар ма?

Тапсырмалар

1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

а) заманауи қалалар туралы

ә) ежелгі қалалар туралы

б) археологиялық қазбалар туралы

в) қасиетті қалалар туралы СОР ​

👇
Ответ:
ciel13891
ciel13891
24.05.2021

Ә-ежелгі қалалар туралы

{ ну я так думаю}

4,5(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milasuraeva
milasuraeva
24.05.2021
Бақытты балалық
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!
4,5(75 оценок)
Ответ:
Няшка9000
Няшка9000
24.05.2021
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
4,6(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ