Оқылым / Чтение Мәтінді оқы. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орында / Прочитай текст.
Выполни задания по тексту.
Түркістан - көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында
орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы. Бүгінде Түркістанға туристер
көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи
ғұлама данышпан, ойшыл ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл
салынған. Кесенеде 35 бөлме бар. Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс
моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бермесінің бір де бірінде
есік жоқ,
Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды. Қасиетті Түркістан -
қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
1. Мәтін мазмұнына қатысты екі сұрақ құрастырып жаз/ Составь два
вопроса по смыслу текста
1.
2
ау
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.