1-тапсырма Тест жауабын тап 1. Масте арулылығына қатысты кәсіби сөзді табыңыз
А. Довек
В Өркен
С.Кова
д. Шырмауык
Е. Түйнек
2. Кәсіби сөздер қатарын белгілеңіз
А. БІкпал, буын, екпін
в. Синус, параллель, ромб
С. Білім, тұрмыс, тіршілік
Д. Атыз, карык, сүйек
Е. У зын, биік, алыс
3. «Ұйқас», жыр», «роман» терминдеріқай ғылым саласында қолданылады?
А. Социология
В. Музыка
С. Әдебиет
Д. Тарих
Е. Тіл білімі
4. Тіл біліміне жататын термин сөздерді табыңыз
А. Шөгінді
В. Теңдеу
С. Қышқыл
Д. Мағына
Е. Қуат
5. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
А. Көнерген сөз
В. Диалект сөз
C. Кірме сөз
Д. Термин сөз
Е. Кәсіби сөз
6. Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз
А. Табалдырықта отырма
В. Бидайға орақ түскелі тұр
С. Бау-бақшадан жеміс терлік
Д. Бүгін азанда ерте ояндым
Е. Оның нағашысы әскерден келді
7. Орыс тілінен енген кірме сөздерді табыңыз
А. Мұғалім, кітап, дәптер
В. Дос, бақыт, нан
С. Жәшік, бәтеңке, сот
Д. Базар, неке, кү
Е. Фонема, моркрема, әліпби
8. Әрі термин, әрі кірме сөз болатын сөзді табыңыз
А. Бағам
В. Ұжым
С. Қор
Д. Нарық
Е. Экономика
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.
Хаттың авторлары:
жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),
Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,
Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,
Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,
Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.
Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.