М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
2006лера
2006лера
18.07.2020 05:00 •  Қазақ тiлi

"өнер киелі ұғым" тақырыбына эссе жазап перініздерші

👇
Ответ:
Bludmila0509
Bludmila0509
18.07.2020
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғалардықаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
. көркем әдебиет ,
. музыка ,
. мүсін ,
. кескіндеме ,
. театр ,
. кино ,
. би ,
. сәулет өнері , т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысынакүйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
1) мекендік немесе пластикалдық ( кескіндеме , мүсін , графика , көркем фото , архитектура , т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2) мезгілдік (сөз және музыка өнері ), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3) мекенді-мезгілдік ( би , актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр , кино , телевизия , эстрада , цирк , т.б.), яғни көркем бейненібелгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.
Сөз өнері іштей – жазба әдебиет , ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос , лирика , драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет , пейзаж , натюрморт , сахна өнері , комедия , трагедия , водевил , т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдарыболады. “ Өнер алды – қызыл тіл ” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел , жұмбақ , лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретіндеқарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, а ң көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз
4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
GiftOfDeath
GiftOfDeath
18.07.2020

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған.

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблуков, орыс халқының ұлы ақыны А.С. Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастауы алмаса да, «Қозы Көрпеш» жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Г.Саблуков жырдың бір сюжетін 1830 жылы Семей губерниясындағы Көкжиектеді жүрген орыс чиновнигінен түсіріп алады. Мұндай нұсқалар оның қолында көп болған. Оларда Шөже жырының әсері, содан туатын діни сарындар, ержегілік арна күштірек. Жырдың басқа да нұсқалары аз емес. Мысалы, «Қозы Көрпеш» жырының әлеуметік- реалистік мазмұны басым үлгісін 1833 жылы А.С. Пушкин жазып алып, сол жайында поэма жазуды жоспарланғаны анықталды, — дейді фольклорист, ғалым Ә. Қоңыртбаев өз еңбегінде. Жырдың сюжетін А.С. Пушкин Жайық бойындағы кіш жүз қазақтарынан жазып алған. Бұл вариант айрықша бағалы, халықтық мазмұны күштірек болғандықтан, академик А.С. Орлов өзінің «Казахский героический эпос» деген еңбегінде орысының прогресті жұртшылығын ең алғаш қазақ халқының тамаша эпосы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырымен таныстырушы А.С. Пушкин болды деп дұрыс айтады.

Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, демократы Ш. Уәлиханов жазып алған. Бұл өзіне мектеп жасаған дарынды айтушы, қобызшы Жанықтың өз аузынан шыққандықтан және Шоқанның, Г.Н. Потаннинің жақсы бағалаған жыры болғандан «Қозы Көрпеш» дастанының бір құнды варианты делінеді. Жалғыз–ақ Жанақ нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен жоқ.

4,7(24 оценок)
Ответ:

Томирис (б. з. д. шамамен 570-520 жж.) — сақ-массагет патшайымы, Кирдің парсы патшасы Геродот әкелетін соғыс туралы әңгіме ("тарих" I 205-214).

Томирис Ишпакай скифінің ұрпағы болды. Шөбере Мадия, аты аңызға айналған патшаның немересі немесе қызы (Спаргапис).

Б.з. б. 530-529 жж. Мидия патшасы — Кир, көптеген елдерді бағындырып, "Азия билеушісі" атағын алып, Ұлы далаға жорыққа шықты. Шабуыл шамамен Түркістан мен Отырар арасында Сырдариядан басталды. Сол кезде сақ — олардың патшасының жесірлері-Томирис. Томиристің күйеуі тиграхаудов Рустам болды. Кир елшіні патшаға үйленуге және екі халықты бір мемлекетке біріктіруге ұсыныспен жіберді. Сақ патшайымы бас тартумен жауап берді.

Бірінші кездесу Томирис — Спаргапис ұлы басқарған сақтардың жеңісімен аяқталды. Сақ әдет-ғұрпы бойынша жеңіс әрқашан жуылып, оны пайдаланып, персалар түнде сақ әскерлеріне күшті шарап лақтырып, нәтижесінде сақ жауынгерлері мас болып шықты. Оны Кир пайдаланып, сақ әскері мен патшаның ұлы — Спаргапистің үшінші бөлігін тұтқынға алды. Тұтқында сол өзіне қол жұмсады. Сондай-ақ, осы шайқаста аты аңызға айналған Рустам, тиграхаудов Кавада патшасының ұлы, Томирис патшасының күйеуі ерлікпен қаза тапты.

Шешуші шайқасқа соңғы шешуші сәтте патшалықпен шайқасқа шыққан әйелдер, сақ қыздар да қатысты. Бұл шайқас Геродот "ең қатал және ұлы" деп атады. Қанды шайқас сақтардың жеңісімен аяқталды, мұнда перстер ерлердің шайқасы алаңында көруді күткен жоқ. Геродот бойынша, барлық перстер ұрыс алаңында қаза тапты, олардың арасында Кир де болды. Бұл Персия үшін күшті соққы болды, көршілер арасында мемлекеттің әскери беделі құлады. Бұдан былай "Азия билігі"болған жоқ. Осылайша сақ патшасы Томирис Кирдің "Азия билігінің" әскері толығымен талқандады. Кейіннен Кирдің мұрагері Гаумата (немесе Лжебардия) болды. Бірақ, оны көп ұзамай Гауматты өлтіріп, сөз байласушылар таңдаған Дарий копьеносеці ауыстырды.

Жеңіске массагет, тиграхауд және хаомаваргтар руынан сақтардың үлкен бөлігін жоғалту есебінен қол жеткізілді. Кирдің басын кесіп, екі сатының қанымен бірге оның қанымен былғары қап толтырып, Томирис барлық кезде: "сен қан келді, сондықтан оны түбіне дейін іш!",- және оның басын осы қапқа тастадым.

Томирис икемді стратег болды, халық арасында үлкен беделге ие болды, ол туралы Сақ мемлекеті өлгеннен кейін бір ғана емес, үш билеуші басқарғанын айтуға болады.

4,6(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ