
менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. әдетте көп демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. менің бұл жақта достарым өте көп. біз ер болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. неге екенін білмеймін? ! ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. олар өте жақсы , мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. өйткені, ол сөздер ға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл ойнаймын. ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.
дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).
Подать заявку на этот курс Смотреть список всех 768 курсов
"Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты" эссе
СКАЧАТЬ МАТЕРИАЛ
ПОДБОР ОНЛАЙН-РЕПЕТИТОРА
Есть проблемы с домашними заданиями?
Воспользуйтесь онлайн-репетиторов проекта «Инфоурок»:
Выберите предмет:
Выберете предмет
Скрыть
ЧЁРНАЯ ПЯТНИЦАНачните обучение в любой день, но
успейте подать заявку до 29 ноября-75%На все курсы повышения квалификации и профессиональной переподготовкиДО 29 НОЯБРЯСмотреть курсы
библиотека
материалов
ДОБАВИТЬ В ИЗБРАННОЕ
«Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты»
Дос деген – өміріңде ерекше орын алатын, жүрегіңде өшпестей есімі жазылған адам. Досты таңдамайсың, дос өзі өмірдің түрлі жолдарында кездеседі. Дос көп болуы мүмкін, бірақ шынайы дос табу – қиынның қиыны. Жалпы, жақсы дос болу үшін үнемі бір-біріңді тыңдап, көзқарастарыңды, ойларыңды ортаға салып отыру қажет. Нағыз дос адамға шабыт беріп, өмірдің түрлі қиыншылықтарына мойымауға, күресе білуге үйретеді. Достықта ең басты қасиет – сенім. Сенім болған жерде достық та мәңгілік болады. Бар ақтарған құпияңды, сырыңды шашпай, сақтай білу кез-келген достың қолынан келмейді. Міне, осындай сенімге кірген адам сенің ең жақын рухани қорғаушыңа айналады. Достық пен сатқындық, достық пен өзімшілдік мүлдем сыйыспайды. Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Достықта ешқашан санаспайды, қайтарымды талап етпейді. Шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Қазақ халқы «Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дос –ажарың, жолдас − базарың» деп бекер айтпаған. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Достықты сақтай білу үшін көп еңбектену керек. Оның сақтаушысы − адалдық пен шынайылық. Ең бастысы, досыңа адал болып, оны жалғыз қалдырмауың керек. Өмірде байлық емес, шынайы, адал дос табуға тырысу керек. «Досы көпті жау алмайды» демекші, досың көп болса жүрегің тыныш, мінезің жайдарлы, ақылың ұшқыр болады. Шынайы достар қиындықта үнемі қолдап, өмірдің түрлі соқпақ жолдарында адастырмайды. Адам алдындағы басты мақсат – иманды болу, өнегелі ұрпақ қалдыру, адамдармен жайдарлы мінез-құлық таныту болып саналады. Өткен өміріңе көз жүгірткеніңде сенің жиған байлығың маңызды емес, жаныңнан әрдайым табылатын жақындарың және адал достарың қымбат, себебі шынайы досы бар адам – бақытты адам.
егптоон не могу не успеть к сайту или регистрацию