Мандарин - жемістің бір түрі. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі.
Мандарин — цитрустар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген екен.
Ерекшелігі – қыс мезгілінде тұмау, салқын тию және С дәрумені қажетті барлық ауруларға шипа болып табылады. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша – желтоқсан айларында жеміс береді. Мандарин – қоңыржай белдеулерінде өсетін тәтті, сулы және хош иісті жеміс. Апельсинге ұқсас ерекшеліктері бар және айрықша С дәруменіне өте бай. Құрамында А, В, Е дәрумендерімен қоса калций, калий, магний, натрий, темір, бром және фосфор минералдары бар. Ал қабығы Р дәруменіне бай.
Объяснение:
Объяснение:
Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
АЙЖАМАЛ САРТБАЕВА, SMART СITY ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:
- «Ақылды қала» технологиясын қолдана отырып, Қазақстан жетекші елдердің қатарына қосылып, орнықты дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. «Индустрия 4.0» - сандық және операциялық технологияларды біріктіретін, жоғары тиімділікке, операциялық жетістіктерге жетуге және құндылықтардың экожүйесіне қол жеткізуге бағытталған бағдарлама. Елбасы өзінің жолдауында адами капиталға басымдық береді. Технологияның тұрақты түрде қарқынмен дамуы тұтынушылардың да талғамын арттырады және адамзатқа қауіп төндірмейді.