Мектеп кітапханасы
Дана халқымыз « Кітап - алтын қазына » десе , ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім . Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым , тілсіз мұғалім — осы кітап . Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор . Кітап адам өмірінде , әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады . Кiтапсыз , еш білімсіз күніміз қараң болатын еді . Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап , сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз . Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді , жерді сүюге , талапты , кішіпейіл болуға , мейірімді , әрі төзімді болуға баулиды . Кітап біздің рухани жан азығымыз , ал кітапхана – білім мекені Әрине , қазіргі заман ағымына қарай , техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады . Дегенмен , менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып , мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса , сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып , жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе , бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.Сонда мектеп кітапханасының қоры көбейіп қана қоймай оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.
Күн - Алланың берген ерекше жаратылысы. Біреулерге күн -жай ғана жарық пен жылу беретін материя болып көрінсе, ал енді біреулерге өмірінің жұлдызын жаққан табиғи құбылыс болып қалған. Табиғаттың бәрін жандандырып тұрған, осы бір көктегі күніміз. Бар планетаны бауырына басып, жылуымен өсірген.Күн арқылы а тіршілік жасап , табиғат дамыған.Мысалы , кішкене тұқымның өзі, күннен нәр алып гүл болады емес пе? А да сол сияқты,күннің нұрымен нұрланады. Қазаққа "Күнсұлу","Күнжамал" сияқты есімдерде бекер қойылмаса керек. Бәрі де осынау жарық дүниеге келерде күннің көзін көруге асығады.
Күн миллион жылдар бойы тек адамға ғана емес, табиғатқа, өсімдікке,жан-жануарға,жәндіктерге,құр-құмысқаға дейін маңызды рөл атқармақ.
Күннің жылуын қазіргі таңда үлкен энергия көзіне айналдырып, халыққа пайдалануда.Тіпті ауылдық жерлердің өзінде, күннен қуат алып ауыл ішін жарықпен қамтамасыз ететін батареялар бар.Бұл да табиғи тіршілікке, күннің маңызды рөл атқаратынының айғағы.
Әр нәрсенің екі жағы болады емес пе.Бірі пайдасы, ал екіншісі зияны.Сол сияқты күннің пайдасы зор болғанымен, зияны да жоқ емес. Әрине ол орналасу қашықтығына қарай болмақ.Планетамызға күн алыс орналасса,жер беті суып мұзға айналар еді.Ал тіпті жақын орналасар болса, жер планетасы жоғары температурадан балқып, бүкіл мұздық еріп, жер беті күл талқандалатын. Мінекей, күннің қашықтығы да метрмен өлшеніп жасалғандай.Әрине, бұл тек құдыретті күштің қолынан келері анық.