Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.
Мен жазғы демалысты әрдайым асыға күтемін. Жыл мезгілінің ішіндегі ең жақсы көретін мезгілім жаз. Жазда қабаттап киіну қажет емес. Суға түсесің бе, балық аулайсың ба, доп тебесің бе, достарыңмен серуендейсің бе бәріне мүмкіндік бар. Адамдардың көпшілігі демалысты басқа, үлкен қалаларда, шет елдерде, демалыс орындарында өткізгенді ұнатса, мен керісінше жазда үлкен қаланың асығыс өмірінен, жайбарақат, таза ауада, ауылда демалғанды жақсы көремін. Биылда жазғы демалысым жайлауда өте тамаша өтті. Көк майса жасыл шөп, қызылды-жасылды сан алуан гүлдер. Таудан аққан бұлақ. Барлығы көңіліңе қуаныш толтырып, бойыңды сергітеді. Жазғы демалысым ерекше қызықты өтті.