ЭССЕ "достык"
Быр озің жүрсең зерыгып кетесын , сосын быр адамды серык қылып сол адаммен сойлесып , көмектесесын . Осы достық. Әр адамда дос болуы керек . Достар ешқашан быр бырыны сатпайды . Олар быр бырыне көмектеседі . Адамда быр ғана дос емес көп достары болуы мүмкін. Мақал" 100 теңген болғанша 100 досың болсын " . Досың мен көшеде серуен десең болады . Досыңмен ешқашан ренжуге болмайды . Себебі ол сенің жақынің және досың . Әр адамнің досы көп болсын!
Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.
Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.