ответ:Туған жер -бұл сөздерді естігенде ,жан-дүниеңе ыстық сезім ұялайды. ..Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас .. деген қанатты сөз бар.Шынымен де , туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі ,ауасы мен топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады.Адамның туған жері көзге жылы,көңілге ыстық көрінедіТуған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсын. .А туған жерін ешқашан ұмытпайды. Менің туған жерім мен үшін қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты өмір сүріп жатырмын.
Объяснение:
1. Қазақ елінің тарихында өшпес із қалдырып, есімдері тарихта алтын әріппен жазылған тұлғалар аз емес. Бұл кісілер еліміздің тәуелсіздігі мен дамуы, мәдениеті мен тіл тазалығы секілді салаларда өз еңбектерімен танымал болды. мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды.
2. Әрине, бұл ретте Мұхтар Әуезовтың "Абай жолын" атап кетпесем болмас. Сонымен қатар Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын оқыдым. Трилогияның басты кейіпкерлері – есімдері ел есінде қалған, елі мен жері үшін жанын аямаған батырлар, яғни өмірде болған тұлғалар.
3. Өз еліңе деген құрмет пен шексіз махаббат отбасынан басталады. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Менің ойымша дәйім жатқа айтылатын осы «бес дұшпан» мен «бес асыл іс» идеясын оқушы өз бетінше түсіне ала ма? Сірә да, жоқ. Себебі, Абай тән мен жанның таласы және адамның өзін-өзі жетілдіруі деген екі күрделі мәселені көтерген.
Бес дұшпан – өзімшілдік (яки эгоист) мінездің, ал бес асыл іс – көпшіл (халықшыл) мінездің көрінісі. Екі мінез антипод: біріншісі – қатігез, екіншісі – бауырмал. Жан мен тәннің таласы, әлбетте, қоғамдық өмірде ғана емес, әр адамның жүрегі арқылы өтетін мәңгілік күрес. Фалсафа ілімінде мұны сана мен тұрмыстың билікке таласы дейміз.
Алдыңғы аталған бесеуді ойшыл «бес дұшпаның» деген. Неге? Себебі, ел бұзылуы, яғни әлеуметтік әділеттілік пен дәстүрлі өмір реттілігі бүлініп, қоғамның қилы өрнекке орануы – осы бесеудің ісі. Абайдың: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек» дейтіні сол («Қартайдық, қайғы ойладық...» өлеңі).
Түсініктемелейік. Талап пен еңбек – осы дүниеде жақсы ғұмыр кешу шарты. Бұл екеуінсіз жақсылық атаулы да (ұрпақ өсіру, абыройлы болу, ұзақ жасау және т.б.), ырыздық-нәсіпке кенелу де жоқ. Бірақ адамға фәни жарқылына алданбау, терең ойға келу шарт. Ортаңғы қазық болып қағылған асыл іс осы. «Терең ой» деген не, өзі? Абайда «терең ой» – Құдай бар, жан жоғалмайтынына сенім. Басқаша айтқанда, әр адам өз жүрегінің түбіне терең бойласын дегені.