Менің анам - мен үшін ең жақын адам. Мен оны өте жақсы көремін. Ол әрқашанда менің қасымда, мені қиын жағдайда тастамайтын ерекше жан. Мен өз анамды мақтан тұтамын. Анадан қымбат менде ешкім жоқ. Менің анамның аты - Жанна. Маған оның оттай жарқыраған мөлдір көздері, әдемі күлкісі мен нәзік қолдары ұнайды. Менің анам өте мейірімді, ол адамдармен жақсы тіл табысады, оны барлығы да құрметтейді. Қиын кездерде ол жалғыз ғана мені жұбата алады. Туғаннан бері ол мен және менің ағамның қасында. Бізге өз махаббатын сыйлайды, қамқорлық жасайды. Мен өз анама алғыс білдіремін. Және оған көмек көрсетуге әрқашан дайынмын: ауыр сөмкелерді аламын, үйді жинаймын. Менің анам өте дәмді тамақ дайындайды және мен оған тамақ дайындауда өз көмегімді көрсетемін, сол барысында көп нәрсе біліп аламын. Мен ол әрқашан да күн сияқты жайнай берсін, оның күлкісі қасындағы адамдардың көңіл-күйлерін көтерсін, оның армандары орындалсын деп тілектеспін. Өйткені махаббат, қамқорлық тек қана бізге, балаларға ғана, сонымен қатар біздің аяулы аналарымызға керек. Мен оны өз бағаларымен, жақсы тәртібімен қуантамын және әрқашанда оған көмектесемін
жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?
Жетінші, жиырма тоғызыншы, жүз қырық бесінші, екі жүз алпыс сегізінші.