Менің тәуелсіз Қазақстаным
Қазақстан - менің Отаным. Ол барлық адам бейбітшілік пен татулықта тұрып жатқан мемлекет 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын тәуелсіз мерекесінде еске аламыз. Осы тәуелсіздікке жету үшін олар қаншама тер төкті.Отаны үшін күресті. Қазір біздің мемлекетіміз татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Бұл көп уақыт емес,бірақ біз осы уақытта көптеген жетістіктерге жеттік. Осы жетістіктерге жетуіміз елбасымыздың арқасы. Елімізде қысқы Азия ойындары өткізіліп, көк байрағымыз көкте желбіреді. Лондон олимпиадасында спортшыларымыз еліміздің байрағын асқақтатты. Бүгінгі күнде еліміз жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес , ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған дұрыс
Объяснение:
надеюсь правильно
Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Алматы Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Алматым!