Өсуіне қарай:
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - жылқының бір жастағысы.
Құнан - жылқының екі жастағысы.
Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті - жылқының бес жастағысы.
Саяқтар (бойдақ жылқылар):
Ат - піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе - піштірілген жылқы.
Түлкі - жабайы жыртқыш аңдардың бірі. Ертегілер мен мысалдарда түлкі - қу, алаяқ, екіжүзді, айлакер болып келеді. Түлкінің түсі мекендеген жеріне қарай өзгереді. Көбінесе, жирен, сарғылт, қызғылт, кейде сұр түсті түлкіні де кездестіре аласыз. Оның құйрығы ұзын, әрі көлемді болады. Түлкі орманда, таулы жерде және қырда мекендейді. Сондай-ақ, түлкілерді жазық далада да кездестіруіңіз әбден мүмкін. Жыртқыш аң болғандықтан, құстар, тышқандар, құс жұмыртқалары мен балықтар - түлкінің негізгі қорек көзі болып саналады.