1.Аудиомәтінді мұқият тыңдап, 3-тапсырмадағы сауалдарға жауап беріңдер 2.Семантикалық картаны толтыр.
р/с Мысалдар Жай тіркес Күрделі тіркес
1 Спираль тәрізді галактика
2 Галактикалық дискі
3 Ортасында орналасты
4 Ғарыштың пайда болуы
5 Жұлдыз шоғырынан тұрады
6 Құс жолы галактикасы
3.Дұрыс – Бұрыс. Кестеге « +», «-« белгілерін қой
р/с Мысалдар Дұрыс Бұрыс
1 Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады.
2 Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады.
3 Сөз тіркесі сөйлем ішінде танылмайды.
4 Сөз тіркесі толық мағыналы, кем дегенде екі сөзден тұрады.
5 Сөз тіркесі мағыналық жағынан байланыспайды.
6 Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі.
4.Тұрақты тіркес пен сөз тіркесін ажыратып, көрсетіп жаз
1. Қыздың жиған жүгіндей Сөз тіркесі
2. Жарқыраған жұлдыз
3. Он сегіз мың ғалам
4. Айы оңынан туды
5. Ғаламның пайда болуы
6. Ат тонын ала қашты Тұрақты сөз тіркесі
Тест сұрақтарына жауап бер
1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Мал шаруашылығы В) Сыйлық ұсыну
С) Тасы өрге домалау Д) Дайын өнім
2. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
А) Әдемі табиғат В) Көзді ашып-жұмғанша
С) Төбе шашы тік тұрды Д) Қой аузынан шөп алмас
3. Жай тіркесті көрсетіңіз.
А) Құлап қала жаздады В) Он бесінші пәтер
С) Телефон арқылы сәлем жолдады Д) Кешке келемін
4. Күрделі тіркесті көрсетіңіз.
А) Алысқа кету В) түске таман жолықты
С) балалармен бірге Д) Ағаштың бұтағы
5. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Алтын білезік В) Кеше бардық
С) Күн жүйесі Д) Тұңғыш ғарышкерлер
Дескриптор:
1. Сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесін ажыратады.
2. Жай тіркес пен күрделі тіркесті табад
Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.