М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ban20050408
ban20050408
28.02.2022 13:08 •  Қазақ тiлi

Тапсырма. Терминдер дегеніміз -қандай сөздер​

👇
Ответ:
vaxaxa1717
vaxaxa1717
28.02.2022

Термин (лат). terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі. Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса, әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Аристотельдің "Риторика, "Поэтика", Буалоның "Поэзия өнері" жазылған кезден бастап, метафора, стиль, т.б.ұғымдарды дәл айқындап, нақтылай түсу мақсатындағы талпыныстар да міне, осыны дәлелдейді. Ал кейінгі кезде әдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы, поэтика, өлең құрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тұрақты қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға көмегін тигізді. Қазіргі ғылымда терминологиялық құрылымның жүйелене түсуі, жалпы философиялық терминдер, оның әдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика, семиотика терминдері есебімен толыға түскені байқалады. Бұл әсіресе жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады.Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Әсіресе қазақ поэзиясына, сөз өнеріне тән ұлттық сипаттағы әдеби құбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді ұғымдарды ауыз әдебиетінде кең өріс алған суырыпсалма өнеріне, өлең-жырды, дастанды термелеп айту дәстүріне қатысты ұғымдарды, айтыс, шешендік сөздер, өлең, қара сөз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бұл салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Оның 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, әдебиетіне қатысты көптеген терминдер алғаш жүйеге түсірілді. Оның бірталайы әдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мән берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану - келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер әдебиеттануда ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсті. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр

Объяснение:

возми кусок того что тебе нужно ну или есть много свободного времени то все перипиши

4,7(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bestschool2
bestschool2
28.02.2022

1)1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.

2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады

2)Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс

Объяснение:осылаи

4,6(88 оценок)
Ответ:
Lizasuper2003
Lizasuper2003
28.02.2022

Нан қадірін білген адам ғана адам дегеніміз басқа адамдардың еңбектерінің қадірін біл дегені сонда ғана адам боласын дейді. Әрдайым ақ көңіл бол және мақсатына жет дейді батасында.

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді.

Объяснение:

4,5(18 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ