Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан.
Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді.
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Конспект
Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.