М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kuku2288
kuku2288
06.12.2021 11:15 •  Қазақ тiлi

Тапсырма. Мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қой. Үлгі:
Күн ұлымын, қолдаушым — Күнім менің.
Сұрақ: Ненің ұлысың?
Күн — сенің қолдаушың ба?
Оның қолдаушысы — не?Маган керек​


Тапсырма. Мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қой. Үлгі:Күн ұлымын, қолдаушым — Күнім менің.Сұр

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ileanka1
ileanka1
06.12.2021

Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір  күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.

Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.

«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.

Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.                           

Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.

Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.

Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады.

Кіммен, қай жерде амандасу керек?  Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал.

Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау  мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет.

Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.

Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қысып, ұзақ жібермей ұстап және тым болбыр амандасу орынсыз екенін есте ұстаңыз.

«Сәлем –сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

4,8(3 оценок)
Ответ:
Kesha4444
Kesha4444
06.12.2021

Объяснение:

адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. “Мұхаммед (с.ғ.с.): ...кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36). Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас”. Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт ата, Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Абай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.

4,8(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ