Әлемнің ірі қалаларында Ботаникалық бақтар ашылған. Ботаникалық бақ – қала аумағындағы қоршауға алынған табиғи жасыл желекті арнайы аймақ.
Мұнда хош иісті сирек гүлдер, көп таралмаған ағаш түрлері биолог ғалымдардың арнайы бақылаумен өсіріледі. Дүниежүзінде кездеспейтін, тек бір талы ғана қалған өсімдік түрлері де бар. Табиғат үшін маңызы орасан, құнды өсімдіктерді де осы бақтардан көріп білеміз. Мұндай ботаникалық бақтар мемлекеттің қамқорлығына алынған.
Сөйте тұра барлық Ботаника бақтары көпшілікке арналған деуге болмайды. Кейбір мемлекеттер мұндай жасыл желекті өңірді туристік мақсатта пайдаланады. Енді бірін экологиялық орталық ретінде айрықша қамқорлыққа алған. Көптеген бақтар тек ғылыми мақсатта пайдаланылады. Ондағы өсімдіктер жұртқа көрсетіле бермейді.
Астана -Қазақстанның бас қаласы. Астана қаласы -қазақ жерінің орталығы.Қала әсем Есілдің жағасында орналасқан.Астанада Президент Сарайы,Парламент ғимараты бар. Астана өте әдемі қала.Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды.Жаңа қалада бой көтерген Бәйтерек, Ақ Орда бәрі ерекше көрікпен салынған.Жазда айнала қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл,сары хош иісті гүлдер, ,жан-жағыңа салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар ерекше әдеміАстанада көп дүкендер ,мектептер биік-биік үйлер бар.Астананың көшелері таза ,әдемі..Астана күннен күнге көркеюде.