М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yakubchik2004
yakubchik2004
16.09.2020 15:23 •  Қазақ тiлi

Стр. 0. Мысалдар
Болымсыз етістіктердің жасалуы
Ne
Болымды
Болымсыз етістік
етістіктер
тудыратын жұрнақтар
мен көмекші етістіктер
1
-ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/-пе
барма, келме, айтпа, кетпе.
сенбе
2
-ған/-ген, -қан/-кен + жоқ барған жоқ, келген жоқ,
айтқан жоқ, кеткен жоқ,
сенген жоқ
3
-ған/-ген, -қан/-кен, -атын/ -етін, барған емес, келген емес,
-йтын/ -йтін, -ар/ -ер, -мақ/-мек, айтпақ емес, кетер емес,
-пақ/-пек, -бақ/-бек + емес сенбек емес
4 Күрделі етістіктер: 1) жұрнақ негізгі етістікке айт-па-й жүр, сөйле-ме-й
жалғанады
қалды, бер-ме-п еді
айтып жүр, сөйлеп қалды,
беріп еді
5
айтып жүр-ме, сейлеп қой-
2) жұрнақ көмекші етістікке
айтып жүр, сөйлеп қой,
жалғанады
ма, беріп жібер-ме
беріп жібер
6
Ескерту! Болымсыздық форма екі етістікке де (әрі негізгі, әрі көмекші етістікке) жалғанса, ол
болымды мәнді білдіреді: айm-na-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кem-ne-​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sasha96679
sasha96679
16.09.2020
Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақ­станның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатары­на қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі — еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.

Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.

Ел ертеңі, ұлт болашағы біз – бүгінгі күннің жастары. Сондықтан, елімнің патриоты ретінде Қа­зақстанның жарқын болашағы мен ата-бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тыры­самын, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін.
4,4(11 оценок)
Ответ:
OctavisicStar691
OctavisicStar691
16.09.2020

Менің сүйікті хоббиім.

Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.

Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

4,6(59 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ