М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tytyuuh88
tytyuuh88
27.10.2022 19:29 •  Қазақ тiлi

Неолгизмен термин тауып берсендер кивига 100 тг берем Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару қаласы Нұр-Сұлтан төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
valiafurch
valiafurch
27.10.2022
-Сәлеметсізбе құрметті Қайрат Нұртас!, мен журналистпін, өтінемін өзіңіз туралы айтып берсеңіз.
- Мен 1989  жылы 25 ақпан күні Қазақстанның Түркістан қаласында дүниеге келдім. Әйелім бар. Әйелімнің есімі Жұлдыз, үш балам бар Сезім, Алау және Нарұл. Мен қазақ тілінде Шәмшә Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев секілді көмпозиторлардың әндерін орындаймын. Менің продюсерім менің анам- Гүлзира Айдарбекова. - Өзініз орындаған әндерден өзінізге қайсысы ерекше ұнайды? - Маған барлық әндерім ұнайды, бірақ сүйікті әндерім: Ауырмайды жүрек ауырмайды, және Ол сен емес.- Қанша жасыңызда сіз алғаш сахнаға шықтыңыз?-Алғаш рет мен сахнаға 9 немесе 10 жасымда шықтым. Әртүрлі шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасадым, соның ішінде М. Беспаевпен, Н.Өнербаевпен, Т. Серіковпен және басқалары. - Сұхбат бергеніңізге көп-көп рахмет, сау болыңыз! -Сау бол!
4,8(85 оценок)
Ответ:
Никk
Никk
27.10.2022

Менің қысқы демалысым туралы.

Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай  көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!

4,4(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ