1) "Құлақ" сөзіне сөзжұмбақ.
1.Адамда ұстауға бейімделген екі не бар?
2.Жасушалар жүйесі не деп аталады?
3.Бірінші байлық?
4.Қанша ғұмыр кешеді,
Сонша ғұмыр өседі.Бұл не?
5.Осы кезбе екеуімен,
Талай жерге жетемін мен.Жұмбақтың шешімі?
2) "Мұрын" сөзіне сөзжұмбақ.
1. Бассүйек қуысында орналасқан мүше?
2. Барлығын тыңдар,
Ізетті мұндай,
Айтшы, кім бар?
3. Шипалы затты ата?
4. "........ жел өту" тұрақты тіркесті толықтыр.
5. "Мұрын" сөзінің орысша аудармасы?
3) "Көз" сөзіне сөзжұмбақ.
1.Дем алуды білмейтін,
Еңбекқор бұл дейтін.Ол не?
2.Орысша "витамин" сөзінің латын тіліндегі мағынасы?
3. "Көз" сөзінің орысшасы?
«Емханада» диалог.
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіз бе! Қандай шағымыңыз бар?
- Мен қанды талдауға тапсырғаннан кейінгі қайтадан тексерілуге келдім.
- Жақсы, тегіңізді айтып жіберсеңіз?
- Тегім Омаров(а).
- Таптым. Қан талдауы дайын екен. Екі көрсеткіш жоғарылап тұр екен. Кәне, қан қысымыңызды өлшейік.
- Жақсы.
- Қан қысымы сәл жоғарылап тұр екен.
- Ол қауіпті емес пе?
- Жоқ, уайымдамаңыз. Қазір сізге тиісті ем - шара мен дәрі - дәрмектің тізімін жазып берейін. Осы ем - шарадан соң тағы тексерілуге келіңіз.
- Жарайды.
- Міне. Бұл дәрілерді тегін өзіміздің әлеуметтік дәріханамыздан алсаңыз болады. 2 қабат 203 кабинет.
- Көп рахмет, дәрігер мырза.
- Ем болсын! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!