Ғибратты сөздерді есте сақтаңдар. Қайсысының мазмұны оқылым мәтініне, қайсысы тыңдалым мәтініне сәйкес деп ойлайсыңдар?
1. Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қыс-
қасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап
отыратын қазына... (Жүсіпбек Аймауытов)
2. Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. (Халел
Досмұхамедұлы)
3. Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құр-
меттеуден басталады. (Мұхтар Әуезов)
4. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту ата-баба-
мызды, тарихымызды ұмыту. (Бауыржан Момышұлы)
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас