Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені 2001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша ашылды. Мұнда ауданы 1,7 гектар жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қала: Нұр-Сұлтан мен Алматы. Мұнда барлық табиғи ерекшелік, ауа райы, зоналар мен ландшафтар, сәулет өнері, қала салу топтамалары көрсетілген. Ең негізгісі – бұл тарихи және мәдени ескерткіштер. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ҚЭЖ бұқтырмасы, Президент резиденциясы мен Қарағай құламасы. «Карта» бойынша жұмыс әлі де бітер емес: Қазақстан тіршілік етуін, дамуын тоқтатпағанша, онда жаңа нысанға орын табылады. Мұнда ерекше тарихи белсенділік орныққан саяжайдың тіршілік уақыты кезеңінде ешбір объект жоғалмаған, қайта толықтыру тоқтаусыз жүріп жатыр.
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.