М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Мәтіндегі есімше, көсемше тұлғалы етістіктерді теріп жаз. Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс

қағысып, дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.Осы мәтінге күрделі жоспар құру керек

👇
Ответ:
KekPekCheburek
KekPekCheburek
17.05.2022

Сурет жоқ па? & & & & & & & &

4,8(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Gumashova
Gumashova
17.05.2022

1 кожа бұзық ақылды тентек көңілді

Жантас тең тек мақтаншақ бұзық

2 сұлтан іс әрекеті тек өзінің қамын ойлайды керек болса адамдарды пайдаланады мінездеме аңқау өтірікші мейірімді қамқор

Майканова іс әрекеті қазақ тілі пәнінен мұғалімі қожа оқитвн сынып жетекшісі мінездеме адамгершілікті мол ақылды ұстаз

1 өзім туралы оқиға болған жер үйінде оқиғадан соң қожаның әрекеті қожа өзін таныстырады

Мен үміт еткен қоңырау мектепте

Бақаның шуы сыныпта мұғаліммен сөйлеуі

Педсовет жайлы педсоветте болды деректірден ұрыс естіді

Түбінде а ағаштың жанында

ЛАЙК И ЛУЧШИЙ ОТВЕТ

,

4,4(61 оценок)
Ответ:
NJazira11
NJazira11
17.05.2022

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілікбойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін.

4,6(99 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ