Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. [1] Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды. Жеңіл арбаларға (күймелердің әуелгі түрі) парлап ат жекті, ал жүк арбаларына мойынтұрықты қос өгіз жегілді. 568 ж. Батыс түрік қағанатының билеушісі Дизабул Истеми қағанның қабылдауында болған Византия елшісі Земарх, қағанның ою-өрнектермен безендіріліп, жібек маталармен әсемделген шатыр ішінде, доңғалақты биік тақта отырғанын жазады. Бұл қағанның көші-қонда, жорықта қолданатын тақ орнатылған күймелі арбасы болса керек. Күйме – арба үстіне ағаштан қиып жасаған, ішін киізбен қаптаған терезелі, доңғалақты әрі көлік, әрі үй. Оған екі не бірнеше ат жегеді. Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі болады. Күймені ішінен киізбен не басқа нәрсемен қаптап қояды. Күйменің ішінде ұйықтауға да, тамақ ішуге де, жазуға да болады. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Сол «қоқан арбалардың» бірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы мұражай-үйде тұр. Жеңіл арбалар негізінен жол жүруге арналады. Арба түрлері шаруашылық, тұрмыс қажеттіліктеріне байланысты үнемі жетілдіріліп отырған. Қазіргі кезде де жер-жерде жеміс, көкөніс, сүт, жұмыртқа, т.б. азық-түлік өнімдерін тасу үшін пневматикалық шиналармен, шарикті подшипниктермен жабдықталған қос
Ағайын-туыс - бір ауыл, қауым болып, шаруашылық қарекеттерін бірлесе жүргізетін, бір-біріне қолдау жасайтын, қандастық жағынан жақын туыс, аталас адамдар немесе солардан өрбіген ұрпақтар.
Мұны «Сыйласқанға жат жақсы, жылысқанға ағайын артық» деген парема да айғақтайды. Қазақта екі туыстық байланыс бар: бірі «бірге күліп, бірге жыласатын» тіршіліктегі қуаныш пен қайғыны бірге көтерісетін әке жағынан туыстық, екіншісі материалдық қарым-қатынаспен байланысқанқұдалар мен тамырлар деп бөледі A.M. Балаубаева-Голяховская еңбегінде ата туыстар қиын сәтте бір-біріне қол ұшын береді, сондай-ақ, жиын-тойларды, торқалы той, топырақты өлімді өткізуді бірге ұйымдастырады, ауыртпалығын бірге көтеріседі.
Ағайын бір өліде, бір тіріде деген қағида осыны меңзейді. Әсіресе, адамның тіршілік циклына қатысты ғұрыптар мен салттардың атқарылуында бірлік пен ынтамақтастықтың орны ерекше. Туысы бірдің уысы бір, бөлінгенді бөрі жейді деп, арадағы ұсақ-түйек дау-шар, өкпе-назды елемеуді ескертеді. Қандастық жақындықты сезінуде ел бірлігін, қоғам тұтастығын сақтауда ағайын-туыстық ұғымының орны айрықша болған. Ағайын-туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды. Қазақы ортадағы бұл қағиданың генетикалық жағынан алғанда дұрыстығы анықталып отыр. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары жиылып, жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық деп боз бие шалып, баталасып, бәтуаласып қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді.[1]
Орал, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылады Каспий өзгермейтін солтүстік бөлігін алып жатыр. 700-ге жуық шаршы километр , оның ішінде жалпыХалқы - 260.8 мың адам. . Қаланың жасыл аймақтар жалпы ауданы 6000 га. Тұрғын үй қоры - 4,000,000 м². маңындағы алып ауданыОрал жоғары және тік өзен шатқалдың көркем дала жазығының , Жайық өзенінің ортаңғы ағысында және Шаған төменгі ағысында сол жақ жағалауындағы оң жағалауында орналасқан. Шағанның оң жақ саласы - Деркөл өзен қала мен оның маңындағы жанында ағып - ауыл Деркөл . Жоғары шоқысы - Whistler Mountain, қала маңындағы және Зашаған Krugloozёrnoe арасында орналасқан .