Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыстембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура текУкраинада, пандури мен чонгуриГрузияда ғана болса, гусли, жалейка,волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурнаӘзірбайжан мен Армениядакездессе, Өзбекстан менТәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.
Шомылу, әдетте, бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын (жүзу, қозғалу және суда ойнау) тудырады, мұның өзі бүкіл ағзаға, ең алдымен, қозғалыс және жүріс-тұрыс мүшелері жүйесіне пайдалы. Ашық су қоймаларында шомылған кезде судың әсеріне ауаның, күн сәулесінің әсері қосылады. Тұзды суларға шомылғанда (теңізде, минералды көлдерде, тұзды көлдерде, минералды бассейндерде, соның ішінде теңіз суында) осында еріген тұздың химиялық әсері білінеді. Тұз теріні тітіркендіреді, бұның өзі судан шыққан соң да (тұздың ұсақ түйіршіктері теріге сіңіп) сақталып қалады. Жалпы шомылу денсаулықты күшейтуге ықпал етеді, қан және лимфа айналымын, жүйке-бұлшық ет аппаратының жұмысын жақсартады, тынысты кеңейтіп, жылу алмасу механизмін жетілдіреді. Белгілі бір тәртіпті сақтаған жағдайда үнемі шомылу ағзаны шынықтырудың және суық тиюден болатын аурулардың алдын алудың тиімді жолы болып табылады.