М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
GoldenLynx1999
GoldenLynx1999
06.10.2021 12:53 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. 1
Мәтінді тыңда. Хат жазған кездегі Қияс пен Сауыттың көңіл күйі
туралы айтып бер.
Басқадан артық көруші, көкеміз Қайыпбек, қалай аман-есен жүрсің бе? Фашистерді шетінен
қырып жатырсыңдар ма? Сенің солай болуыңа бұл жақтан апам
Төржан, сонан соң біз –
Сауыт екеуміз тілектеспіз. Көке, хатыңды алдың. Көке, хатты неге жиі жазбайсың? Апам тәуір
болып келе жатыр. Айтпақшы, мен бүгін сағаның түбіндегі көтермені қайта соқтым. Ертең
тарының бірінші суын беріп боламын.
Сауыт та аман-сау жүр. Бетімен ойнап кетпейді. Апам екеуімізге шай қойып, көже істеп
береді. Күбіні де өзі пісіре беретін болды.
Көке, өздеріңнің жағдайларың қалай? Фашистерді біраз қырған шығарсыңдар. ... Айтпақшы,
Саянның ағасы Жанарбекті жау өлтіріп кетіпті ғой. Көке... Қалайша байқамай қалдыңдар, а?
Көке Саянның өзі: «жақында соғысқа барамын»,
деп жүр. Жібермесе
қашып кетемін,
Әйтеуір, кетемін дейді. Ол бар ғой, көке... Ол барады. Сонан соң немістерге көресіні көрсетеді. Ол
бар ғой, ол жеңіп келеді.
Көке, біз сені әбден сағындық. Қалайда аман-есен келші! Көке, мен хат жазып отырғанда
Мына Сауыттың су шашып жібергенін қарашы!
Көке, ертеңнен бастап жұмысқа сенің кетпеніңді алып шығамын.
Қош бол, Көке! Мен, Сауыт және апам.​

👇
Ответ:
fsychih46
fsychih46
06.10.2021

Қияс пен Сауыттың акелеріне деген сагынышы бейнеленген! Әкесі Қайыпбектің аман саулығы яғни алаңдаушылық,өздерінің уйде бас болып анасына көмектесіп жатқандығы қамқорлық пен өжеттілік т. б

Объяснение:

4,4(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Danya135evlanov
Danya135evlanov
06.10.2021
1. Сағат нешеде тұрасың? Во сколько ты встаешь?
2. Таңертең шәй ішесіңбе? Пьешь ли ты утром чай?
3. Кіммен шәй ішесің? С кем пьешь чай?
4. Мектепке сағат нешеде барасың? Во сколько ты ходишь в школу?
5. Сабақтан қаншада үйге келесің? Во сколько ты приходишь со школы?
6. Қосымшаға барасың ба? Ты ходишь на дополнительные?
7. Қандай қосымшаға барасың? На какие допы ходишь?
8. Кешкі асты нешеде ішесің? Во сколько ты ужинаешь?
9. Сабақты істисің бе? Делаешь ли ты уроки?
10. Сағат нешеде ұйықтайсың? Во сколько ложишься спать?
4,6(82 оценок)
Ответ:
марьям2789
марьям2789
06.10.2021
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

4,8(79 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ