Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[2] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.[3]
Объяснение:
Можешь взять отрывки, чтобы много не было
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.VII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады. IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди былай жазған: «Тараз - бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Мәдина қақпасы алдынан өзен ағып жатады, ар жағында қаланың бiр бөлiгi орналасқан, оған өтетiн жол бар. Ал, базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады». Тараз қаласының орнын тұңғыш рет iрi ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромоди, Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектерiне сүйене отырып, көне екенiн дәлелейдi. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшiсi Земархтың түркi қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейiн, бiр ғасырдан соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань «Цзянь-Июаньнан батысында (Долос) қаласы орналаскан, қаланың аумағы 8-9ш/км, онда әр елдiң саудагерлерi мен соғырлар тұрады», деп жазды. Осы кезден бастап қаланың аты тек өз өлкесiнде ғана емес, көршiлес мемлекеттерге белгiлi болды.