5-тапсырма. Тәрбиелік мәнін түсіндір Сағаттың шықылдағы —емес ермек,
Һәмиша өмір өтпек,ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі —ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі —осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шық қан сып қарасып, босқа бұлдыр.
Күн жайылып ай болды, он екі ай —жыл,
Жыл жайылып, қартайтып қылғаны —бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл
Өлеңнен метафора мен теңеуді тауып көшіріп жаз.