Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған Тәуелсіздіктің тағылымы мен тарихы жайында айта берсе әңгіме таусылмайды. Тәуелсіздік тек экономика мен саясатта ғана емес жеке адамдардың да өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс, жетістік әкелді. Міне, сондықтан журналдың Тәуелсіздікке арналған арнайы бетінде осы жылдары еңбекте, ғылыми ізденісте және отбасы өмірінде жақсылық пен қуанышқа, жанұя бақытына кенелген жандардың тілек-лебіздерін жариялап отырмыз. *** Қалдыбай Пірәлиев, химия ғылымдарының докторы, профессор Тәуелсіздік бақыты немесе мемлекеттік сыйлық Бұрыннан ғылым саласында еңбек етіп келе жатқан мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алып, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі атандым. Тәуелсіздік кезеңі – ғылым әлемінде менің жұлдызым жанған жылдар десем артық болмас.
Объяснение:
озғалтқыш, мотор (лат. motor – қозғалысқа келтіретін) – қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа түрлендіретін күш-қуат машинасы. Энергия механикалық жұмысқа қозғалтқыш тегіне (типіне) қарай қайталамалы-ілгерілемелі қозғалыстағы піспек (поршень), айналмалы қозғалыстағы ротор немесе реактивті қозғалыс тудыратын аппарат арқылы түрленеді. Оны жердегі, судағы, аспандағы, ғарыштағы көлік құралын қозғалысқа келтіру, өндірістің әр саласындағы жұмыс машинасын, тұрмыс техникасын,тағыда басқа іске қосу үшін қолданады. Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды.
Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген.
Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген.Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған. Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне қанықтыра бастайды.