М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MAJlORIK
MAJlORIK
20.02.2020 20:29 •  Қазақ тiлi

Шығарманың мазмұны бойынша оқиға желісін рет-ретімен орналастыр. І
Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар
төнеді.
1 Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді.
Әрине, амалы жоқ халық байдың ұсынысына көнеді. Осылай малдарынан айырылып қалған халық
1
егістігін аман алып қалады.
у
1 Күндердің күнінде ауылда құрғақшылық басталады.
І
Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорасындағы малдарын алатынын
айтады.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
yesenia2007
yesenia2007
20.02.2020

Ұлттар достығы.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!

4,8(41 оценок)
Ответ:

Қысқы және жазғы олимпиада ойындарын салыстыру.

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.

Әрине, ең басты айырмашылықтары өткізілу маусымында: бірі қысты өтсе, екіншісі жазда өткізіледі. Қысқы спорт түрлеріне: биатлон,трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт – трек, биатлон т.б. жатады. Қыстан басқа мезгілде спортшылар спорт залда жаттығып, ал үлкен жарыстарға дайындық үшін арнайы салқын жаққа жол жүреді.

Ал жазғы спорт түрлері қысқы спорт түрлерімен салыстырғанда едәуір көп: жүзу (түр - түрімен), футбол, баскетбол, воллейбол, бокс, карате, таеквондо, жеңіл атлетика, қол добы, академиялық есу, бадминтон, күрес, велоспорт, су добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, ат спорты, үстел теннисі, желкенді спорт,суға секіру, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, көгалдағы хоккей т.б.

Екі ойын түрі де төрт жылда бір рет алдын – ала арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталған қалада өткізіледі.

4,4(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ