3-тапсырма: Мәтіннің негізгі ойын анықтаңызҚуат көздері әртүрлі болады. ХХІ ғасырды электр құрылғыларысыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника) елестете алмаймыз. Адамның өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Баламалы энергетика дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін зияны ете аз, шығыны жоқ, үнемді пайдалануға тиімді энергетика. Ол жеңіл өндіріледі. Бұл "сарқылмайтын энергия", Оның экономикалық және экологиялық артықшылықтары көп. Баламалы энергетикаға жел энергиясы, биогаз, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия жатады.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «Экспо-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді. Баламалы энергия- болашақтың энергиясы!
Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.