Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ( . Kaz Қozha Ахмет Яссауи kesenesі ; . Өзбек Xoja Ахмад Yassaviy maqbarasi ) - кесенесі түрік мазарының үстіне ақын және сопы тәртібі Yassaviya негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи қаласында орналасқан Түркістан қаласында Түркістан Қазақстан . Бұл « Хазрет-Сұлтан » тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағындағы орталық нысан .
2.Әмір Темір (вроде бы)
3.Қазіргі қолданыстағы кесене Темірланның бұйрығымен ол қайтыс болғаннан 233 жыл өткен соң тұрғызылған . Жылы 1395, Ақсақ Темір хан жеңген Тоқтамыс , билеушісі Алтын Орда және ордасының астанасы өртеніп Сарай-Берке... Бұл жеңістің құрметіне қолбасшы Қожа Ахмет Ясауидің ескі кесенесі орнында жаңа, зәулім мемориалдық кешен салуға шешім қабылдады, ол сол кезде әбден тозығы жеткен. Бұл шешімде Тамерлан діни сенімдерді де, саяси мақсаттарды да басшылыққа алды. Құрметті адамның қабіріне кесене тұрғызу арқылы ол өзінің күшін қуаттап, беделін нығайтты. Кейбір тарихшылар болашақ кесененің жобасын жасауға Темірланның өзі қатысқан және оны салушыларға нұсқаулар берген деп санайды.
Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып қайтады.
Қасымның арынды ақын ретінде қалыптасуына Орал қаласының тигізген әсері ұшан-теңіз. Осы өңірде жүріп ол ең алғашқы алаулаған махаббат туралы, жалынды жастық жайындағы жырларын дүниеге әкелді. 1935 жылы Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, оның жұмысын іскерлігінің, шығармашылық әлеуетінің арқасында дөңгелетіп әкетті. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Осы кездері ақынның әншілік, артистік қырлары кеңінен танылған болатын.
Ал 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алатау баурайындағы ару қала Алматыға барып, сол кездегі бас басылымдар болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет атқарады. Осында жүріп, яғни 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағын «Өмір сыры» деген атпен жарыққа шығарады.
Ол жас кезінен осылайша ел көзіне түсіп, аға буын өкілдерінің, қатарлас қаламгерлердің ыстық ықыласына бөленеді. Ол туралы Сырбай Мәуленов: «Ақын жасы жылдармен өлшенбейді, елге берген еңбегімен есептеледі. Жас Қасым бүгінде ортаға шығып, өзінің оптимистік пафосқа толы өлмес өлеңін оқып тұр: