,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған. Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып, сонымен қатар «бес нәрседен қашық бол» деп, жаман істерге: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызған. Әрине, адам болу үшін айтылған асыл қасиеттердің маңызы зор. Жоғарыда айтылған бес қасиеттің қайсысын алсаң да, барлығы адам бойында керекті қасиеттер деп есептеймін. Себебі адам талпынбаса, талаптанбаса, еңбек те етпейді, демек еріншек болады. Ал терең ойлау қабілеті болса да қажет. «Бар нәрсеге қанағат» деп шүкіршілік айтпасақ, тағы болмайды. Ал адам бойында рақым болмаса, мейірімділік те болмайды, демек, ізгілік пен махаббат та орын алмайды. Бес жаман істен неғұрлым аулақ болып,бойымызды да, ойымызды да таза ұстаған жөн. Басқа адамдарды өсектеп, ғайбат әңгіме айту еш жақсылыққа жатпайды. Кеудені керіп бос мақтанып, одан қалса, еңбек етпей, еріншек болу, босқа мал шашу – аулақ болатын істер. Себебі, өмірде еңбекпенен мал тауып, нан алып жесең, одан тәтті әрі қымбат ас болмайды деп есептеймін.
ответ: я не знаю)
Объяснение: простите