Еліңнің тағдыры-өзіңні тағдырың
Әр адам жеке тұлға.Оның өз тағдыры,өмірі,ойы,өмірдің мәні туралы түсінігі бар.Бірақ әр жанда өз туған өлкесі,жері,елі болады.Олар узіліссіз байланыста болып,бір-біріне қызмет етеді.Отан отбасыдан басталады дегендей әр адам өз отбасың жақсы көреді,қорғауға даяр болады.Сол секілді әр азамат өз елің қорғауы тиіс және де еліне деген махаббаты болу керек,сонда ғана шың патриот боларсын.Адамзат әрине ең әуелде өзің немесе отбасың ойлайды,ешкім де елі туралы уайымға түспейді.Сондықтан ой-өрісінді кеңейтіп тек өзің ғана емес жер басып жірген жерінді де ойла.Иә,бұл жауапкершілікті іс,бірақ отанына деген махаббатын,сүйіспеншілігін,кұрметін бойына күш беріп,елдің гүлденуіне үлесінді қосады.Елдің жағдайы тікелей саған немесе ұрпақтарына,ұлтына үлкен әсер береді.Бойында ар-ожданы бар адам осыны еске түсіріп елі үшін аянбай тер төгіп,елдің намысын қолдан бермес.Сондықтан да бауырларым, елдің болашағын жарқын етіндер,бабаларымыздың аманатын көздің қарашығандай сақтап,елдеріне адал болыңдар себебі елдің тағдыры-өзіңнің тағдырын
Болашақ мамандығым - дәрігер
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.
Бірінші аудиосын жибершиш