Әлия мен Мәншүктің ескерткіштері
Ұлы Отан соғысында қан кешіп, жан тапсырған қазақтың қос батыр қыздарына арналған бұл ескерткіш Төле би көшесі мен Бөгенбай батыр көшесінің ортасында орналасқан. Ескерткіштің ашылуы 1997 жылы 25 қазанында болды.
"Мәңгілік алау"
"Мәңгілік алау" – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от. Еш тоқтаусыз жанып тұратын жалын газбен жұмыс жасайды. "Мәңгілік алау" соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды. Алматыдағы "Мәңгілік алау" мемориалы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында орналасқан. Алау алғаш рет 1975 жылы Жеңістің отыз жылдығы салтанатында жағылды.
Даңқ Мемориалы
Даңқ мемориалы – 28 панфиловшылар саябағында 1975 жылы орнатылған ескерткіш-кешен. Ескерткіште панфиловшы жауынгерлер бейнеленген.
Бауыржан Момышұлының ескерткіші
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіш тұғыры да 28 панфиловшылар саябағында орналасқан. Ескерткіш 2010 жылы 10 желтоқсанда ашылды.
Панфилов ескерткіші
И.В.Панфилов ескерткіші 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында орналасқан. Ескерткіш мүсінші Б.А.Төлековтың моделі бойынша қоладан қаланып, сұр тастан жасалған 2 метрлік тұғырда орналасқан (сәулетші-Т.К.Басенов). Тұғырдың бет жағында «Совет Одағының Батыры Панфилов Иван Васильевич. Герой Советского Союза Панфилов Иван Васильевич» деген жазу бар. Ескерткіш биіктігі – 3,65 м. Бастапқыда ескерткіш Панфилов және Виноградов көшелерінің қиылысына қойылса, кейіннен мемориал саябаққа ауыстырылды (1989ж.).
Объяснение:
Арасынан тауып аласн гой
ответ:ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Объяснение: